"ДАРИҒА НАЗАРБАЕВАНЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ ТОҚТАДЫ": ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Уақыты: 02.05.2020
Оқылды: 1093
Бөлім: САЯСАТ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жаңа Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы "Ақорда" мәлімдеді.

Жарлық бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттілігі аяқталды. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген Жарлықтың ресми мәтінінде. Сондай-ақ, Президент әлеуметтік желі арқылы Дариға Нұрсұлтанқызына Сенат төрағасы қызметін абыроймен атқарғаны үшін алғыс айтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан