Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА ЖАҢА МӘРТЕБЕ БЕРДІ

Уақыты: 27.08.2020
Оқылды: 369
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды.

Қуанышты хабар ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналына шықты. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді.

Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге, Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болғаны белгілі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"