"AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҮШ БАҒЫТТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 16.05.2022
Оқылды: 1939
Бөлім: МІНБЕР

"AMANAT" партиясының Алматы облыстық филиалы сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қарсы "Жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында республикалық байқау жарияланатынын хабарлайды. Байқау бірнеше бағытта өтеді.

1.«Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» бағыты. Оған республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады.

2.«Үздік қысқаша мотивациялық бейне» бағыты бойынша барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ, заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және басқа) қатысу мүмкіндігіне ие.

3.«Үздік сурет / плакат» бағытында да оқушылар мен студенттер, сондай-ақ, заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық студиялар және басқа) қатысады.

Байқау жұмыстары 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолма-қол немесе мына электрондық пошта арқылы ұсынылады: m.tobaev@amanatpartiasy.kz, make_999@mail.ru. Өтінімнің скан-версиясын, жұмыстың қысқаша сипаттамасын және партия филиалдарына конкурстық жұмысты қоса беру қажет.

Байқау екі кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздардың жұмыстары қорытынды кезеңге қатысу үшін партияның орталық аппаратына жіберіледі.

Байқау ережелерімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз (байқауға қатысу туралы өтінім үлгісі де бар): Тел: 8 701 128 99 99.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"