Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Уақыты: 02.11.2023
Оқылды: 862
Бөлім: МІНБЕР

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады, деп хабарлайды Kazinform.

«Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс істеген, дәрежесі бар ғалымдар осындай мүмкіндік беріледі. Осы орайда бізге әріптестерімізді қолдау маңызды. Ғалымның сабақ бергені жақсы әрине, бірақ оқушылық пен ғылымды бірге алып жүру өте қиын. Ғалымның жұмыс орны сақталып қалады, демалысты 1 жылға дейін алуға болады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Халық қалаулысының айтуынша, ғалымдар тек оқытушылықпен айналысса ғылымнан алшақтап қалады.

«Себебі оқытушының ғылыммен айналысуға уақыты жоқ, жүктемесі жоғары. Сондықтан ғалымдарға академиялық демалыс беруді енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл мүмкіндік барлық ғалымға бірдей берілмейді. Сондай-ақ, демалыстағы ғалымға белгілі бір көлемде ақы төлеу жағын да қарастырып отырмыз», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Әділет министрлігінде бірнеше заң жобасы бойынша Үкімет қорытындысы қаралды. Аталған шараға Әділет министрі Азамат Есқараев және Мәжіліс депутаттары қатысты.

Фото: Kazpravda.kz