Атқарылған жұмыс ауқымды

Уақыты: 07.08.2018
Оқылды: 1496
Бөлім: МІНБЕР

«Нұр Отан» партиясының облыстағы филиалы белгіленген міндеттерді орындап, жоспарға кірген жұмыстарды нәтижелі аяқтап келеді. Партия филиалының жарты жылдықта жүргізген жұмыстарын қорытындыласақ, ауыз толтырып айтарлықтай іс-шаралардың атқарылғандығын көреміз.

Бүгінгі күні Жетісу жерінде партияның 114 394 мүшесі бар. Жыл басынан мүшелікке 3145 адам қабылданып, 3201 адам партиядан түрлі себептерге байланысты шығарылды.
Елбасының саяси бағдарламаларын түсіндіру, оны насихаттау бойынша депутаттар  партия алаңында әр бағытта 337 іс-шара өткізді. 36 кездесуде 28 ұсыныс түсіп, олар толығымен орындалды. Бүгінде жиындар легі толастаған жоқ, маңызды мәселелерге қатысты кездесулер тұрақты ұйымдастыруда. 
Кездесуде көтерілген мәселелер оң шешімін тауып келеді. Мәселен, «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша жеті партиялық куратор және партиялық бақылау комиссиясы, «Мирас» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңестері бірлесіп 31 отырыста 63 рет құзырлы мекемелердің есебін тыңдап, кемшіліктер бойынша айтылған 23 ұсыныс толық қаралды. 
Комиссия мен кеңес мүшесі болған 162 адамның 31-і облыстық мәслихаттың депутаттары. Ал биылғы алты айда мәслихат депутаттары 678 қабылдау өткізіп, 881 азаматтың өтінішін қарап, 142-сі (30%) оң шешімін тапты. 
Тексеріс жұмыстарын да жиі әрі жүйелі жүргізіп тұрамыз. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру және Ұлттық қордан бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қадағалау үшін мәслихат депутаттарынан жасақталған бес комиссия 47 рейд жүргізді. Нәтижесі көңіл қуантады. 
  Өткен жылдан бастап фракция мүшелері «Электрондық қоғамдық қабылдау бөлмесі» ақпараттық жүйесіндегі «Депутат блогы» модуліне толық қосылды. Модульге тіркелгендер тұрғындардың 37 сауалын қарап, оларға тиісті жауап берді. Модуль өз кезегінде азаматтардың депутаттарға тікелей сауал қойып, өтініш беріп, жауап алуларына мүмкіндік жасады және депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырды. Жұмыс көз алдымызда жүріп отырады. Тестілеу және сұхбаттасудан өткен 154 адам партиялық кадрлық резервке кірді. Болашақта барлық деңгейдегі депутаттыққа үміткерлер тізім бойынша, тек партиялық кадрлық резервтен алынады. 
Наурыз-шілде айларында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің он депутаты Елбасымыздың Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Бес әлеуметтік бастамасын» ел арасында түсіндіріп, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Ал бес депутат екі мәрте Жетісу жұртшылығымен жүздесті. 
Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары 5 420 тұрғынның қатысуымен 62 кездесу, 8 қоғамдық қабылдау өткізіп, 66 кәсіпорын, мекемелердің істеп жатқан жұмысымен танысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған 39 ұсыныстың 50% орындалды. Ел қалаулылары Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу мақсатында тұрғындардан түскен 251 ұсыныстың 56-сын өз бақылауларына алды. 
Көптен ойымызда жүрген ақпараттық орталықтарды ашып, ел  игілігіне ұсындық. Жобаларды іске асыру бойынша партия филиалы бірнеше жауапты мекемелермен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойды. Партиялық жаңғыру жоспарын жүзеге асырудың медиа-жоспары толығымен орындалды. Облысымызда екі ІТ орталық ашылып, 62 маманды даярлауды қолға алды. Алты ІТ сынып ашылды. Ал 2018/20 жылдар аралығында қосымша сыныптар ашылып, 8100 баланы оқыту көзделіп отыр. Жыл басында 15 оқу орнынан 300 білімгер «Электрондық үкімет» E-gov порталын қолдану бойынша теориялық және практикалық іс-тәжірибеден өтті. 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес мемлекеттік және жеке меншік серіктестікті дамыту арқылы партия мектеп асханалары мен спорт алаңдарын қайта жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. 758 мектепте (230 шағын арнаулы мектептер) 657 спорт зал, 782 спорттық алаңдар бар (20 мектепте 3 спорт залдан). Биыл үш мектепте соңғы үлгі бойынша спорт алаңдары салынып жатыр. Облыс мектептерінде 567 асхана, 88 буфет жүйелі жұмыс істейді. 372 533 оқушылар контингентінің 331 669-ы (88,9%) ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 29 366-сы әлеуметтік жағынан қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар. 
Сонымен қатар «Қазақстан кітапханалары: заманауи білім орталықтары» партиялық жобасы аясында Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай 20 кітапханада Коворкинг орталықтары ашылды. Облыс кітапханаларындағы кітаптың қоры 5 221 186 дана. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 117 кітапханада КАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізіліп, электронды каталогтардың дерекқорына барлығы 2,5 млн. бірлік құжат енгізілді. Қазақ Ұлттық электронды сақтау қорына барлығы 1 082 (2017 жылы  899) кітап сандық таспаға түсірілді. 
Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалуын қадағалау мақсатында арнайы қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, жұмысын жақсы жүргізіп жатыр. Кеңес құрамына облысымыздағы саяси партиялардың, Азаматтық қоғам ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері кірді. Және оның 25 % біздің фракция мүшелері. 
Партияның Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлы саясатының арқасында елімізде әлеуметтік-экономикалық реформаларға арналған тиімді заңнамалық база құрылды. 
Макроэкономикалық тұрақтылыққа, табиғи ресурстарды  тиімді пайдаланып, мемлекеттің серпінді дамуына, халықтың мүддесіне қызмет етуге қол жеткіздік.  Түрлі саяси, экономикалық дағдарыстардан абыроймен шықтық, демократиялық саяси жүйенің негізін қаладық. Осы жұмыстардың басы-қасында халықпен бірге депутаттар, фракция мүшелері болды.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясының 
облыстық филиалы 
төрағасының бірінші 
орынбасары, фракция 
жетекшісі