ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛАҒАН ЖЕРДЕ ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІМ БОЛМАЙДЫ

Уақыты: 29.10.2020
Оқылды: 1002
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің онлайн отырысы өтті. Бұл туралы партия филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам дерті - жемқорлықпен күрес бір сәтке де толастамайды. Сыбайлас жемқорлық - қоғамның жегі құрты. Онымен күрес бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Себебі, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық атты індет жайылған жерде адал бәсекелестік, тең құқық туралы сөз қозғау, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін қалыптастыру тіпті мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп, емдейтін сырқат емес, онымен күресу қажет.

Онлайн жиынды аталған қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Мұқанов жүргізді. Шарада әуелі Алакөл, Райымбек аудандық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы сараланды. Мұнан соң 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы жайында сөз қозғалды.

Жиын соңында қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"