"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ-АУМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ ӨТЕДІ

Уақыты: 04.11.2020
Оқылды: 1227
Бөлім: МІНБЕР

"Nur Otan" партиясының Алматы облыстық-аумақтық конференцияларын өткізу күні жарияланды.

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының қаулысына сәйкес, облыстық-аумақтық конференция күндері белгіленді. Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және біздің өңірден Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар айқындалатын болды.

Аудан-қалалық конференцияларға делегаттарды сайлау үшін бастауыш партия ұйымы жиналыстары 7-8 қараша күндері, партиялық тізімді бекіту, облыстық конференцияға делегаттарды сайлау бойынша аудан-қалалық филиалдарының кезектен тыс конференциялары 10-12 қараша, ал облыстық конференция ағымдағы жылдың 16 қарашасында өткізілмек.

Конференцияларда шешім қатысушы делегаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру «Праймериз» ақпараттық жүйесінде өтетін пікірсайыстардың қорытындылары бойынша дауыс беруді қоспағанда, делегаттың мандатын көтеруі арқылы өткізіледі.

Конференция барысында қатысушылар арасында пікірсайыс ұйымдастырылады.

Пандемияны ескере отырып, партиялық конференциялар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Бұл ретте партияның Facebook және Instagram әлеуметтік желісіндегі  ресми аккаунтында облыстық және аумақтық конференцияның онлайн көрсетілімі өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"