ТАЛДЫҚОРҒАНДА АЛАЯҚТАР КҮРТ КӨБЕЙГЕН: ПРОКУРАТУРА ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 09.02.2021
Оқылды: 870
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады», - деп көрсетілген. Оған ешкімнің де қол сұғуына құқығы жоқ. Бұл туралы "Жетісу" газеті Талдықорған қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөліміне сілтеме жасап хабарлады.

Алаяқтық қылмысы кең көлемді әдіс-тәсілдермен жасалатын және оның негізгі мақсаты алаяқтармен жәбірленуші тұлғалардың ақша қаражаттарын немесе қандай да бір пайда табуға болатын мүліктерін иемдену болып табылады.

Талдықорған қаласында алаяқтық оқиғалары бойынша 2020 жылдың 1 ай қорытындысымен барлығы 43 қылмыс тіркелген болса, 2021 жылдың 1 айында 78 қылмыс тіркеліп, яғни, бұл көрсеткіш 81 пайызға өскен.

Бұл тұрғыда алаяқтар әр түрлі айла-тәсілдер ойластырып, оның ішінде, төмендетілген пайызбен немесе тиімді жағдаймен «несие алып беремін», «жер учаскесін арзан бағада немесе әкімдіктен алып беремін», «жұмысқа орналастырып беремін», «қосалқы бөлшектерді», «ұялы телефондарды» және басқа да интернет-саудамен заттар жеткізіп берумен байланысты.

Бұл сенгіш қарапайым халықтың көмегімен пайда тауып қалуды көздеген алаяқтардың тек бірнеше әдіс-тәсілі, түрі мен сызбасы ғана, алаяқтықтың түрі көптеп таралған.

Алаяқтық көбінесе белгілі жағдайда жасалып, онда жәбірленушімен қатар, сол қаражатты немесе мүлікті алдап алған адамдарымен белгілі. Оларды негізінен ұсақ-түйек алаяқтар құрап отыр. Алаяқтықтар өздерінің құрбандарын моральды-психологиялық тұрғыдан зерттеп, өзінің пиғылын жүзеге асыру үшін болатын деректерді бұрмалап және жалған елес тудырып, ауызша сөз нысанында немесе алуан түрлі әрекеттермен жәбірленушілерді алдап соғады.

Осы тұрғыда, жұмысқа орналасу, несие алу және жоғарыда аталған басқа да алаяқтық түрлері бойынша мемлекеттік органдардан түсіндірмелер алып, кез келген құқықтық, қаржы және басқа қатынастар жасауда алаяқтардың қақпанына түсіп, олардың құрбанына айналмау үшін сақтық шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеміз.

Талдықорған қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімі

Сурет - ғаламтордан