АЛМАТЫ МАҢЫНА ӘСКЕРИ ҰШАҚ ҚҰЛАП, БІРНЕШЕ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 13.03.2021
Оқылды: 1172
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға Іле ауданында болған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жанып жатқан ұшақтың бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралды. «Нұр-Сұлтан - Алматы» бағытында ұшып шыққан Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуе қызметінің "АН-26" ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу-қону жолағының бас жағына құлаған», - делінген Алматы әуежайы таратқан ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам қаза тапқан, екеуі зардап шеккен. Жараланғандар Іле аудандық ауруханасына жіберілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"