КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА ЕГІСТІК БАСЫНАН ҚҰБЫР ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 15.03.2021
Оқылды: 1359
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Кербұлақ ауданының полицейлері ауыл сыртындағы су құбырларын ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті полицейлердің көмегіне жүгінген Самен ауылының 70 жастағы тұрғыны ауыл сыртындағы егіс алқабынан белгісіз біреудің 12 метрлік су құбырларын алып кеткенін хабарлаған. Қарияның арызы негізінде жедел іздеу жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Кербұлақ ауданы Шанханай ауылының 1978 жылы туған тұрғынын ұстады.

- Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікке ілінген 43 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындады. Қазір оның өзге қылмыстарғы қатысы бары тексерілуде. Тергеу аяқталғанша күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттеме алды, - деді Кербұлақ АПБ бастығы, полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында қолды болған су құбырларын тауып, қылмыстық іс материалдарына айғақзат ретінде тіркеді. Қолды болған барлық құбыр заңды иесіне қайтарылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан