ТАЛҒАРДА ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК АҒАШҚА СОҒЫЛЫП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 03.08.2021
Оқылды: 1214
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған жол-көлік оқиғасы түнгі сағат 23:30 шамасында болған. «Toyota Rav-4» маркалы автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Алдабергенов көшесімен батыс бағытта келе жатып, ағашқа соқтығысқан. Содан кейін рөлді басқара алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында алған жарақаттарынан көліктің 33 жастағы жолаушысы көз жұмды. Сондай-ақ, түрлі дене жарақатымен жүргізуші Талғар қаласының ауруханасына жатқызылды. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген полиция хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"