Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"ДЕНЕСІН ЖЕРЛЕДІК, АЛ БАСЫН БЕРМЕДІ": БАЛҚАШТАҒЫ СҰМДЫҚ ЖАЙТ

Уақыты: 11.09.2021
Оқылды: 578
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

"Атып өлтірген ағамыздың басын ала алмай отырмыз!" Балқаш ауданында болған сұмдық оқиға жайлы zakon.kz сайтына шықты.

Балқаш ауданында қой бағатын 45 жастағы ер адам 23 тамызда жоғалып кеткен. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан. Сараптама оның басынан атып өлтіргенін анықтаған. Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған. Денесін жер қойнына тапсырғанымен туыстары басы болмағандықтан марқұмның жаназасын да шығара алмаған.

Бауырынан айырылғандардың тергеу амалдарына да көңілі толмай отыр. Әзірге аймақтың полиция департаменті бұл сұмдық оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтпаған көрінеді.

Нұрлан Ниязов есімді марқұмнын бауыры оқиғаға қатысты: "Ағамыздың басын алып қалды экспертизаға бермей. Денесін алдық, жерледік. Жаназа оқытылған жоқ. Сол себепті сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз анығына жету үшін. Полицейлер жұмыс атқарған жоқ. Жаңағы прокуроры бар, "следак" бар, "начальник РОВД" бар, ешқайсысының жұмысына көңілім толған жоқ", - дейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"