ҚАПШАҒАЙДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА: 13 ЖАСАР ОҚУШЫ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАҒАН

Уақыты: 23.10.2021
Оқылды: 1273
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қапшағайда көпқабатты пәтерлердің бірінде 13 жастағы оқушы көз жұмды. Оның денесі балконда асылып тұрған жерінен табылды.

«20 қазан күні сағат 07:30 шамасында Қапшағай қалалық полициясының кезекші бөліміне балконда баланың асылып тұрғаны жөнінде хабарлама түсті. Қайтыс болған баланың 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Тергеу тобы оқиғаны растады. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"