ІЛЕ АУДАНЫНДА КОНТЕЙНЕР ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ БІР КҮН ӨТПЕЙ ЖАТЫП ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 01.02.2022
Оқылды: 1129
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Іле ауданының полиция қызметкерлері Ащыбұлақ ауылында үй ауласынан 40 тонналық контейнер ұрлаған күдіктіні әшкереледі.

Қылмыстық оқиға тіркелген күні тергеу тобы дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

- Жедел іздестіру жұмыстары барысында Іле ауданы полиция қызметкерлері Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтап, тез арада ұстады. Полицияға жеткізілгеннен кейін ұсталған адам өз кінәсін мойындап, аталған қылмысты қалай жасағанын түсіндірді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Іле аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаев.

Жәбірленушіге келтірілген шығын бір миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізуде. Айта кетейік, тәжірибелі тәртіп сақшыларына кінәліні әшкерелеу үшін бір күн ғана қажет болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"