ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ 93 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Уақыты: 16.02.2022
Оқылды: 1163
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданының полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты бекітілген әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде жол бойында тайғанақтап, әзер жүріп келе жатқан қарияны байқаған.

Тәртіп сақшылары әжені тоқтатып, бірден көмек қолын созды. Жалғызбасты әженің денсаулығына байланысты дәріхана іздеп жүргенін білген тәртіп сақшылары оны қызметтік көліктеріне отырғызып алған. Полицейлер кейуананы алдымен дәріханаға, одан әрі азық-түлік дүкеніне апарып, керек заттарын алып беріп, кейін үйіне дейін жеткізіп тастаған. 93 жастағы әже көмек қолын созған полиция сақшыларына, инспекторлар Ерболат Сәтеков пен Нұрсейіт Әбдрахмановқа өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"