ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ТӨБЕЛЕСІ ТІРКЕЛДІ. БІРЕУІНІҢ МҰРНЫ СЫНДЫ

Уақыты: 28.04.2022
Оқылды: 1318
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ ауданында жасөспірімдер төбелесіп қалды. Бұл факті Алматы облыстық полиция департаментінде расталды.

Төбелес 28 сәуір күні, күндізгі сағат 12:00 шамасында болған. Екі студент соққыға жығылған, біреуінің мұрны сынған. Төбелестің себебі белгісіз. Облыстық Полиция департаменті: "Есік кәсіптік-техникалық колледжінің 17 жастағы студенті қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын құрдасымен төбелесіп, мұрнын сындырды. Тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының ювеналды полиция қызметкерлері жүргізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдың себебін анықтап жатыр", - деп түсініктеме берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"