ӘРІ ТАКСИСТ, ӘРІ ТОНАУШЫ. ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАУІПТІ ҚЫЛМЫСКЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 14.05.2022
Оқылды: 1309
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы және Талдықорған қаласында жанармай бекетін тонаушы ұсталды.

Алматы облысының полициясы екі қаладағы жанармай бекеттеріне қарулы шабуыл жасаған талдықорғандық 27 жастағы такси жүргізушісін ұстады. «Республикалық тасжолдың бірінде жедел уәкілдер жеңсіз кеудеше, көзге арналған ойықтары бар тоқылған бас киім мен ұрланған қол сөмкені тапты. Күдікті 27 жастағы талдықорғандық болып шықты. Ол жалға «Toyota Camry» автокөлігін алып, такси қызметімен айналысқан», - деді Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ресми хабарламада айыптының автокөлігін тінту кезінде алты патроны бар "РС-31" револьвері табылғаны айтылған. «Ол қаруды екі қылмыс жасау кезінде де қолданған. Қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді», - дейді полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"