КОНСТИТУЦИЯНЫ ӨЗГЕРТУ КӨРШІ ЕЛДЕРДЕ ҚАЛЫПТЫ САЯСИ ПРОЦЕСКЕ АЙНАЛҒАН

Уақыты: 28.05.2022
Оқылды: 1130
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі тек Қазақстанда емес, көрші елдерде де қалыпты саяси процесс. Себебі, уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп келеді. Оған сай болуымыз шарт.

Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Ол биліктің өкілді тармағын (Парламент, мәслихат) айтарлықтай күшейтеді. Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демократиялық үдерісті үдете түсетіні сөзсіз.

Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің болашақта халықтың жағдайының жақсаруына оң әсер ететіні анық. Сондықтан әрбір азаматтың ұсынысы, қолдауы және белсене атсалысуы референдумның іске асуына ықпал етпек.

Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Егер конституциялық реформа қабылданса, онда саяси жүйемізде айтарлықтай өзгерістер жасалады. Ол өзгерістер қоғамды ашық етуге бағытталған. Енді осы өзгерісті Парламент депутаттары өздері дауыс беріп, бекіте алмайды. Ол үшін халықтың қолдауы қажет. Сондықтан әрбір азаматымыз 5 маусымда дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады.

Мен референдумға қатысамын және баршаңызды дауыс беруге шақырамын! Жаңа Қазақстанның іргетасын бірге қалайық!

Гүлмира АХМЕТОВА,

«AMANAT» партиясының саяси кеңес мүшесі, Алматы облыстық партиялық штаб мүшесі