Кіреберістерге арналған бейнебақылау

Уақыты: 07.10.2017
Оқылды: 1491
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жаңа бейнебақылау қызметін көппәтерлі үйлердің тұрғындары, сонымен қатар, Алматы мен Талдықорған қалаларының бизнес-клиенттері пайдаланады. Аталған қызмет азаматтардың тұрмысын жайлы етіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Қазіргі уақытта «Алматытелеком» жабық бейнебақылау қызметін қосуды Талдықорған қаласында да жүзеге асыруда.  Жаңа қызметтің сапасы мен артықшылығын бірінші болып бағалап көру мүмкіндігі көппәтерлі үй тұрғыны Роза Дүйсебаеваға бұйырды. Жабық бейнебақылау қызметі арқылы онлайн режимде және мұрағатта 7 күнге дейін сақталатын жоғары сапалы бейнетаспа, сондай-ақ, сілтеме арқылы мобильді құрылғылардан қаланың кез келген аймағынан және «Қазақтелеком» АҚ-ның жеке кабинетінен де көруге болады», – дейді ол. 
Кіреберістерде жеті күндік бейнемұрағаты сақталатын үй шаруашылығына арналған екі бейнекамерасы бар жаңа қызметтің құны айына 300 теңгені құрайды. 
 Бейнебақылау қызметінде оқшауланған деректерді беру арналары, ұйымдастыру арқылы бейне ағындарын қорғау тетіктері, көп деңгейлі авторизациялау жүйесі тек сол үйдің ғана тұрғындарына қолжетімді. Пайдаланушы интерфейстер мен бейне деректерді сақтау қоймасын шектей алады.
«Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясының жаңа қызметтері мен акциялары туралы толық ақпаратты Алматы мен Талдықорған қалаларының қызмет көрсету орталықтарынан немесе 160 анықтама қызметіне қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ, telecom.kz. ресми сайтынан алуға болады.
 

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен
байланыс қызметі.