" Олар жолдың тек оң жағымен жүре алады": ІІМ самокат тебетіндерге қатысты мәжілісте талқыланып жатқан заңға қатысты жауап берді

Уақыты: 10.05.2023
Оқылды: 1007
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Самокат тебетіндер үшін жаңа ережелер әзірленіп жатыр.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы kz.kursiv.media дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір аталған құжат Мәжілісте талқыланып жатыр.

Ол жерде бірнеше норма қамтылған: самокат жүргізетіндер жолдың тек оң жағымен жүруге болады; олардың басында міндетті түрде шлем болуы керек; түнде жарық шағылыстыратын белгілер болуға тиіс.

«Қазір заң жобасы қабылданған жоқ. Құжат депутаттардың ұсынысымен енгізілген. Заң самокат тебетіндердің жолда жүруін заңмен реттейді. Мысалы, қазір самокат мінген адам 18 жасқа толған болуы керек әрі жүргізуші куәлігі болуға тиіс. Олар жолдың тек оң жағымен жүре алады», – деді Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Ахметжанов самокат тебетіндер тротуарда жүрсе, басымдық жаяу жолаушыларға берілетінін айтты.
Айта кетейік, жыл басынан бері самокатқа қатысты 44 оқиға тіркелген. Былтыр 1 адам қайтыс болды. 

Фото: ашық дереккөзден