ЖЕТІСУДА ТЖД БАСТЫҒЫ ПАРА АЛҒАН

Уақыты: 20.07.2023
Оқылды: 1117
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Бауыржан Ізбасаров әшкере болды, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілетеме жасап. 


Ведомство мәліметінше, Ізбасаров жемқорлыққа байланысты әшкереленген.

"Иә, оның жемқорлыққа байланысты әшкереленгенін растаймыз. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды. Толық мәлімет сәл кейінірек болады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, Бауыржан Ізбасаров Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы лауазымына 2022 жылдың тамызында тағайындалған болатын.