Арыстанбек Мұхамедиұлынің ісі қайта қаралып жатыр

Уақыты: 13.09.2023
Оқылды: 587
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Астана соты апелляциялық шағым бойынша Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық істі қайта қарауға кірісті.

«2023 жылғы 20 маусымда сотталушылардың қорғаушыларының атынан түскен апелляциялық шағым негізінде А.Мұхамедиұлы, А.Нұразхан, А.Сәдуақасова және А.Көшеновке қатысты қылмыстық іс қайта қаралады», - деді судья Мұрат Еркінбекұлы.

Сот отырысында А. Мұхамедиұлының үш сыбайласының (А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшенов) ісі бірге қайта қаралып жатыр. 

Сондай-ақ, судья сот отырысының ашық форматта болатынын, яғни қатысушыларға шектеу қойылмайтынын айтты. Сотталушылардың қорғаушылары сот отырысын кейінге шегеруді ұсынды. 

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамалды. Биыл 20 маусымда сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған сот отырысының жалғасы 14 қыркүйек күні сағат 9:30-да өтеді.