Арықтан қару-жарақ табылды

Уақыты: 13.09.2023
Оқылды: 548
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Қару» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қару-жарақ орналасқан жер анықталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бөлшектелген күйде Beretta аңшылық тегіс ұңғылы мылтығы, Калашников автоматына арналған ішінде патрондары бар оқжатар және қара түсті брондалған кеудеше Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Лепсі кентінің жол айрығының жанындағы арықтан табылды.

Бұл факті Жетісу облысы ПД Сарқан қалалық полиция бөлімінде тіркелген. ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚАЖ №14 мекемесінің қызметкерлері 4 қару орнын анықтаған болатын.