Шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес

Уақыты: 19.12.2023
Оқылды: 564
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Үкімет басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралдарының Қазақстан аумағына кіру (әкелу) ережелері мен талаптарына тиісті толықтыру енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сай, шетелдік автокөлікті Қазақстанға енгізу (әкелу) үшін көлік құралының электронды төлқұжат жүйесінен мәліметтер уақытша талап етілмейді.

Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электронды паспорттық жүйелерін (көлік шассиінің паспорттары) және өзі жүретін көлік құралдарының электронды паспорттарын және басқа да техника түрлерінің интеграциялық процестері аяқталғанға дейін енгізіліп жатыр.

Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді.

Фото Polisia.kz