Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі

Уақыты: 10.01.2024
Оқылды: 500
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында балалардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Балалардың құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі. 2023 жылы Жетісу облысы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша 77 мың кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

Мәселен,  Талдықорған қаласы прокуратурасы жүргізген талдаумен облыстың балабақшалары тарапынан балалардың тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Бақылау нәтижелері бойынша апта сайынғы мәзір санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтірілді, технологиялық карталар әзірленді, осылайша 40 мың кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

Прокурорлар соңғы екі жыл ішінде 8 мың оқушының негізгі заңмен кепілдендірілген жыл сайынғы медициналық тексеруден өтпегенін анықтады. Бұл заңбұзушылықтардың барлығы прокуратураның араласуынан кейін жойылды. Өткен жылы балаларды бұқаралық ақпараттандыру және өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту мақсатында аудандар мен қалалардың білім бөлімдерімен бірлесіп 1741 нұсқама, 3262 дәріспен әңгімелесу өткізілді, онда 49 мыңнан астам оқушы қамтылды.

Мысалы, 09.01.2024 ж. Жетісу облысының прокуратурасы облыстық білім басқармасы өкілдерінің, полиция Департаменті, қалалық білім бөлімі қызметкерлерінің, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының және жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өткізді. Кездесуде кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар бойынша қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі және қорқытудың алдын алу мәселелері қаралды. 

Кездесу қорытындысы бойынша мектеп директорларына, мектеп психологтарына, ювеналды полиция қызметкерлеріне оқушылар арасында тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Фото: funart.pro-ден көрнекілікке алынды