Талдықорғандық қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Уақыты: 12.01.2024
Оқылды: 712
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Осыған дейін үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның мүрдесі бірнеше күн бұрын Текелі тауынан табылғаны айтылған. Кеше жасөспірім қыздың өліміне қатысты жаңа деректер мәлім болды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Kazinform дерегіне жүгініп хабарлайды. 

Сараптамашының болжамы бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтірген. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастағаны да белгілі болды. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.

«Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды, - деп хабарлады жергілікті полициядағы ақпарат көзі.

Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек. Және бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.

Фото: Polisia.kz