Іздеуде жүрген 8 қылмыскер Түркияда ұсталды

Уақыты: 01.02.2024
Оқылды: 675
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстанның ІІМ қызметкерлері түрік әріптестерімен бірге жыл басынан бері алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген 8 қылмыскерді Түркиядан ұстады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар қаңтарда ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерімен іздеуде жүрген 237 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды.

Мәселен, 27 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері 1998 жылдан бері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы ер адамды ұстады.

Фото: Halyq Uni