Жетісу облысында жол апатынан 30 жастағы жүргізуші қаза тапты

Уақыты: 21.02.2024
Оқылды: 419
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Жол апаты 21 ақпанға қараған түні Сарқан ауданындағы Алматы – Өскемен автожолының 455 шақырымында болды. 

Nissan Terrano жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Жолаушы ретінде кетіп бара жатқан әйел түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.   

Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Фото: видеодан алынған кадр