Жетісу облысында үздік атқыш анықталды

Уақыты: 05.03.2024
Оқылды: 402
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында нәзік жанды полицейлер арасында үздік атқыш анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүр бойынша, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық полиция департаментіндегі әйел қызметкерлері арасында қарудан оқ ату бойынша жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарысқа 16 әйел-полицей қатысты.

– Жарыс департаменттің атыс тирінде өтті. Үздік атқыш атағы үшін облыстық департаменттің әртүрлі бөлімшелерінен 16 әйел-полицей өз бақтарын сынады. Мұндай жарыстар қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және ведомство қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі, – деп атап өтті ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұхит Бөлегенов.

Жарыс қорытындысы бойынша арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы Жұлдыз Шомпиева жеңіске жетті, екінші орынға тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Мұхамадиева ие болды, тартысты додада Көксу АПБ ювеналды полиция аға инспекторы Әсем Асильбекова 3-орын иегері атанды.  Жеңімпаздарға құрмет грамоталары, кубоктар және медальдар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табыс етілді.