Жетісу облысында мектептерде берілмеген тамақ үшін миллиондап ақша төленген

Уақыты: 12.03.2024
Оқылды: 365
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Прокурорлар жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын мектептердегі тамақтану үшін жеткізушілерге негізсіз ақша төлеу фактілерін анықтаған.

«Мәселен, Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын.

Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндеріндегі ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген», - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған ұқсас заңбұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев