267 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕН АЙЫРЫЛСА ДА, КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 336
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Құқықтық тәртіп» атты 10 күндік жедел-профилактикалық іс-шараның кезінде мас болып көлік айдауға қатысты 4 378 факті тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ведомствоның онлайн брифингісінде айтты.


«Жол қозғалысын қадағалау кезінде жылдамдық режимін сақтамаудың 22 мың фактісі, қарсы жолаққа шығудың 337 фактісі тіркелді. Автокөлікті мас күйде басқарған 437 жүргізуші ұсталды. Оның 16-ы есірткілік масаң күйде болған. Жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндеген 267 адам анықталды», - деді ол.

Ресми өкіл бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыстың жолы кесілгенін атап өтті.

«Мысалы, Көкшетау қаласының базарларының бірінде белгісіз адам көлік терезесін сындырып, сөмке ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктіні тез арада ұстады. Астанада скутерді жасырын түрде ұрлап әкеткен күдікті анықталды. Шығын – 400 мың теңге. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Шыңғыс Алекешев.