Ұлттық алауыздық белгілері бар мәлімдемелерден кейін қандай жаза қолданылуы мүмкін

Уақыты: 08.04.2024
Оқылды: 283
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Соңғы уақытта әлеуметтік және ұлттық алауыздық белгілері бар ақпараттарды  әлеуметтік желілерде жариялау жағдайлары жиілеп кетті, осыған байланысты этносаралық алауыздық белгілері бар мәлімдемелерден кейін қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін ескерткіміз келеді.

Әуелі әлеуметтік желілерде әлеуметтік және ұлттық алауыздық белгілері бар ақпараттарды орналастырған авторлар Қазақстан азаматтарының немесе тұтастай этникалық топтың (ұлттың, халықтың) ұлттық сезімдерін қасақана қорлайды.

Мәселен, ҚР жекелеген азаматтары "чат-рулетка" сервисін пайдалану кезінде басқа ұлттың немесе әлеуметтік топтың адамдарына, оның ішінде тілге қатынасы бойынша физикалық зорлық-зомбылыққа шақыруларға жол береді.

Көбінесе мұндай материалдардың авторлары құқық қорғау органдары олардың жеке басын анықтағаннан кейін өз іс-әрекеттеріне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда, бұл оларды жауапкершіліктен босатпайды.

"Мұндай мәлімдемелер мен шақырулар, оның ішінде БАҚ немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған әрекеттер ҚР Конституциясымен тыйым салынады және Қылмыстық кодекстің 174 – бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады".

Жетісу облысының прокуратурасы

Фото:Freepik