Айыппұл төлегіңіз келмесе, жол ережесін бұзбаңыз – ІІМ

Уақыты: 18.04.2024
Оқылды: 247
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ішкі істер министрлігі Игорь Лепеха қазақстандық жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол ережесін сақтасаңыздар болды. Осылайша, сіздер айыппұл төлемейсіздер, жауапқа тартылмайсыздар. Біз «бұрын жол ережесін бұзғанда 5 АЕК (18 460 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейтін едік, қазір 10 АЕК (36 920 теңге) төлейтін болдық» деп айтамыз ғой. Сондықтан жол ережесін бұзбайық, - деді Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Фото: Үкімет сайты