САНАМЫЗДАН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ КЕРЕК

Уақыты: 26.03.2018
Оқылды: 1067
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Журналистер үйінің мәжіліс залында фильм көрсетті. Жиынға БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген деректі фильм «Под небом правды» деп аталады. Аталмыш фильм ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын нығайту аясында көрсетілді.

Фильм сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды жалпыға  бірдей қалыптастыруға, сондай-ақ, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Аталмыш көрсетілім бүлдіршіндердің бақытты шағынан басталады. Олардың өмірге құштарлықпен, ерекше махаббатпен қарауы сәтті бейнеленген. Фильм жемқорлыққа қарсы тәрбие буыны қатаймаған балаң кезеңнен басталу керек деген жарқын идея төңірегінде өрбиді. Фильмде әр түрлі қоғам өкілдерінің, студенттердің, имамдар мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері орынды берілген. Фильмді әлеуметтік желілерден толық нұсқада көре аласыздар.

Думан КЕҢШІЛІК