КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 25.12.2018
Оқылды: 1122
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полицейлері 30 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адамды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы әйел адамды тұтқындады. Оқиға Қаратал ауданында орын алған.

24 желтоқсанда жергілікті полицейлерге Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнында тәртіп сақшылары қайтыс болған азаматтың бір аяғы жоқ 1-топтағы мүгедек екенін және анасымен бірге тұрғанын анықтады.  Үйден асүй пышағы табылды.

- Қаратал ауданының полициясы адам өліміне қатысы бар деген күдікпен зардап шегушімен көрші тұратын 34 жастағы әйел адамды ұстады. Алдын ала тергеу барысында ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, қылмыс жасалған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды, - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция таратқан ақпарат бойынша ұсталған азаматша бұған дейін тонау ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"