ӘДЕП КЕҢЕСІ ҚАТАҢ СӨГІС БЕРДІ

Уақыты: 24.01.2019
Оқылды: 1378
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық Әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтіп, Талдықорған қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Қыстаубаевқа қатысты тәртіптік істі қарады.

Бөлім басшысының жұмысындағы кемшілікке байланысты баяндама жасаған Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының бас маманы Азиз Насимбаевтың айтуынша, Талдықорған қалалық прокуратурасының қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөліміне жүргізген тексерулерінің нәтижесі бойынша 2016-2017 жылдары және 2018 жылдың 8 айында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының баптарының бұзылғаны анықталған. Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы қалалық бөлім басшыларының үстінен қылмыс- тық іс қозғайды. Алайда сотқа дейінгі тергеу кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген пәтерлердің берілуі бекітілген тәртіппен жүргізілуіне байланысты лауазымды тұлғалардың әрекетінде заңбұзушылықтың болмағандығы анықталады. Осыған орай Талдықорған қаласының тұрғын үй және коммуналдық-шаруа- шылық бөлімінің басшысы Нұрлан Қыстаубаевқа ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағының 11-тармақшасын бұзғаны үшін,  яғни өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Ұсынысты өзара талқылаған Әдеп кеңесінің мүшелері бірауыздан келісімге келіп, бөлім басшысының өз жұмысын белсендіруі қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ,   ке­ңес отырысында Талды­қорған және Текелі қалаларының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызмет нәтижелері, облыстық кәсіпкерлік және индус- триялық-инновациялық даму басқармасының,  облыcтық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары тыңдалып, облыстық басқармалардың жаңа мемлекеттік қызмет регламенттерін уақытылы бекіту және қолданыстағы регламенттерге өзгерістер енгізу жайы қаралды.

Мәди АЛЖАНБАЙ