ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ: УАҚЫТША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ

Уақыты: 25.02.2019
Оқылды: 1046
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Облыстық көліктік бақылау инспекциясы «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация минис- трінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына сай көктем мезгілінде дара білікке жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлап отыр.

 

Инспекция мамандарының айтуынша, бұл шектеу IV жол-климаттық аймақтарда 23 наурыз бен 1 мамыр,  V жол-климаттық аймақта 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жоғарыдағы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады. Айта кетерлігі, бұл мезгілде республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен жүріп өткен автокөлік құралдары аталған бұйрықтың 3 қосымшасында белгіленген дара, қосарланған және үштік біліктеріне рұқсат етілетін біліктік массаларын сақтауы тиіс.

Өз кезегінде, шектеулердің халықаралық жүктерді және жолаушылар тасымалын, төтенше жағдайды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды және зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын, азық-түлік, дәрі-дәрмек, жолаушы және багаж тасымалын жүзеге асыратын, сондай-ақ, қайта жаңарту жұмысын жүргізетін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыс- тағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмысына тартылған автокөлік құралдарына қолданылмайтынын  атап өтеміз.

Осы тұрғыда түсінбеген немесе туындаған сұрақтар болса, көлік жүргізушілер мен автокөлік иелері облыстық көліктік бақылау инспекциясына хабарласып, тұшымды жауап алуға болады. Ол үшін Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131-үйде орналасқан облыстық көліктік бақылау инспекциясына барып немесе 8 (7282) 24-29-47, 24-55-01 телефондарына хабарласу арқылы нақты жауап алуға болады.

Нұрым ОРАЗАЛИЕВ