ҚЫЛМЫСКЕРГЕ ҚАРСЫ ҰРЫС ТҮРЛЕРІ КӨРСЕТІЛДІ

Уақыты: 27.05.2019
Оқылды: 1204
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жылдағы дәстүр бойынша облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасында Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – заң, құқық қорғау саласында оқитын студенттерге үлгі болып, өздерінің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып, сол арқылы полиция мәртебесін көтеру. Ашық есік күніне Талдықорған қаласының заң колледжі мен Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері және күзет қызметінің ардагерлері қатысты.

Студенттер назарына күзет қызметі басқармасы қызметкерлері күнделікті жасайтын оқу-жаттығулары, полиция қызметкерлерінің қылмыскерге қарсы қолданылатын қоян-қолтық ұрыс тәсілдері, саптық бөлініс арасында жеке құрамның қалай сапта тұратыны көрсетілді. Одан бөлек, болашақ жас мамандарға қару-жарақ базасы және арнайы техникалық құралдар таныстырылды.

Басқарма аппаратының ұйымдастыруымен өткен түрлі спорттық шаралардың жеңімпаздары мен үлгілі қызметкерлерді студенттерге арнайы таныстыру рәсімі де назардан тыс қалмады.

Айсұлу ШЕЛЕКЕН