АУДИТ: БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 28.05.2019
Оқылды: 1067
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдерінде камералдық бақылау жүргізеді.

Бүгінгі күні бұл институт оң нәтижесін көрсетті, нақты айтқанда, заңбұзушылықтардың уақытылы жолы кесіледі және жол берілмейді; объектілердің өздеріне заңбұзушылықтарды қалпына келтіруге құқық беріледі; объектілерге әкімшілік жүктеме азайтылады. Сонымен қатар, камералдық бақылаудың барлық бизнес үдерістерінің автоматтандырылуына байланысты мемлекеттік сатып алуды қамтудың процедуралары көбейтілді.

Департаментпен 2019 жылдың I тоқсанында 42 мыңнан астам сатып алу қаралып, нәтижесі бойынша объектілерге 43,8 миллиард теңгеге 3227 хабарлама жіберілді. Осылайша департаментпен 43,8 миллард теңгеге заңбұзушылықтардың алды алынып, 265-тен астам лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"