АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ

Уақыты: 29.05.2019
Оқылды: 2496
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Облыстық полиция департаменті аумағында орналасқан оқу-жаттығу алаңында Талдықорған, Қапшағай қалаларының және Іле ауданының 5-6 сыныптан жасақталған кадеттерімен кездесу өтті.

Балалар күніне орай ұйымдастырылған шараның алғысөзін облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов алды. Өз сөзінде Мұрат Жәлелұлы:

– Құрметті кадеттер, өздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Ел болашағын қалыптастырып, келешегін кемел ететін балғындарға артылған сенім мол. Бұл тұрғыда істеліп жатқан жұмыстар көп, – деді.

Шараға арнайы келген ғарышкер, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетов, ішкі істер органдарының құрметті ардагері, милиция генерал-майоры Сағынжан Асыл-Кеней де мінберге шығып, кадеттерге ақ жол тіледі. Одан кейін кадеттер шеберліктерін паш етті. Мәселен, Іле ауданынан келген кадеттер Калашников автоматын шашып-жинау үлгісін, қапшағайлық балғындар саптық жүрісті көрсетті. Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.

Серік ҚАНТАЕВ