ЗАҢСЫЗ БАЙЫҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Уақыты: 06.06.2019
Оқылды: 1780
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев заңсыз байыған мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілік енгізу жөнінде пікір білдірді.

- Қазір заңсыз баю туралы арнайы заң қабылдау мәселесі талқыланып жатыр. Біз ұсыныс енгіздік. Ұсыныс қолдау тапты, екі ай ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен әзірлеген ұсынымдарды енгізу қажет, - деді агенттік төрағасы.

Журналистермен сұхбатында А.Шпекбаев заңсыз байығандарды анықтайтын механизм туралы әңгімеледі. «БҰҰ конвенциясы аясында халықаралық механизм бар, онда барлық жағдай қарастырылған. Бірақ біз бүгін қаржылық және мансаптық санкциялар жөнінде мәселе қойып отырмыз. Қылмыстық жауапкершіліктің де енгізілуі бек мүмкін», - деді ол.

"ҚАЗАҚПАРАТ"