ТАЛДЫҚОРҒАН: ЖОЛ АПАТЫНАН 14 АДАМ КӨЗ ЖҰМҒАН

Уақыты: 16.10.2019
Оқылды: 709
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық полиция департаментінен келіп түскен нұсқаулыққа сәйкес, Талдықорған қаласының аумағында жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша «Автобус» атты алдын алу іс-шарасы өтуде.

Шара апаттың алдын алу, жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол жүрісі қағидаларын бұзатындарды анықтау мақсатында ұйымдастырылуда. Сонымен бірге, жылдамдық режимін сақтау, басып озу, алда кездескен жол айрығы, маневр жасау, көше қиылыстарынан  және жаяу жүргіншілер өтпесінен өту, қауіпсіздік белдігін және телефондарды пайдалану ережелеріне ерекше назар бөлінетін болады.

Іс-шара жолаушы тасмалдайтын көлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер арасындағы апаты ескертуге бағытталған. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу, оның ішінде көлікті мас күйінде басқару фактілерін анықтау мақсатында 2019 жылдың қазан айының 10 мен 17 күндері аралығын қамтитын алдын алу іс-шарасы Талдықорған ҚПБ-ның бастығының 9.10.2019 жылы шығарған №149 бұйрығымен бекітілген.

Ағымдағы жылдың басынан бері Талдықорған қаласының көшелерінде 161 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14 адам қайтыс болып, оның ішінде 220 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Осыған орай, Талдықорған ҚПБ қала тұрғындарынан және қала қонақтарынан жол жүру ережесін сақтауды талап етеді.

Қ. СМАИЛОВ,

Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ аға инспекторы,

полиция майоры

Сурет ғаламтордан алынды