"ЖІГІТІНЕ БАРҒАН": ЖОҒАЛҒАН ОН ТӨРТ ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ АЛМАТЫДАН ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 11.11.2019
Оқылды: 1863
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында екі күннен бері жоғалып кеткен 14 жасар оқушы қыз табылды. Анықталғанындай, ол ата-анасынан қашып, ғаламтор желісі арқылы танысқан жігітпен кездесу үшін Алматыға келген.

Ақпарат құралдарында бұған дейін Алматы облысының полицейлері мен еріктілері 14 жасар оқушыны екі тәулік бойы іздестіргені туралы жарияланған еді. «7 қараша күні Ұйғыр аудандық полиция бөліміне Үлкен Ақсу ауылының 37 жастағы тұрғыны баласының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. 2005 жылы туған Нигара Кадирдинованы іздеуге еріктілер мен полицейлер жұмылдырылды. Ол Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Оқушы ата-анасының үйінен қашып кетіп, жігітіне барған», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда құзырлы орган баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін қозғап отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Ұйғыр ауданы