"РАСТАЙМЫЗ": ШЕЛЕК АУЫЛЫНДА СЕГІЗ ЖАСАР БАЛАНЫ ИТ ТАЛАП ӨЛТІРДІ

Уақыты: 14.12.2019
Оқылды: 1580
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді. Қайғылы оқиғаны "Қазақпарат" агенттігінің тілшісі таратты.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында болған. «Біз бала өлімі туралы фактіні растаймыз. Қазір бұл істі аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр. "Неміс овчаркасы" сол отбасының өзіне тиесілі. Арнайы қызмет мамандарының көмегімен иттің көзі жойылды. Тергеу облыс бақылауында. Біз сараптама нәтижесін күтеміз, содан кейін түпкілікті процессуалды шешім қабылданады», - дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"