АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАТЫСТЫ БЕС ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Уақыты: 14.08.2020
Оқылды: 757
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында бір тәулік ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты бес қылмыс ашылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үш күдікті есірткі пайдаланғаны үшін ұсталды. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтаумен, оны пайдаланумен және өткізумен айналысатын адамдарды құрықтауға бағытталған бірқатар жедел іс-шаралар өткізді.

Атап айтсақ, кеше Талғар ауданында жедел уәкілдер 34 жастағы О.есімді азаматты ұстады. Оның үйінің ауласынан салмағы 300 гр гашиш есірткі заты табылды және тәркіленді. Күдікті азамат бұған дейін де тәртіп сақшыларының назарына іліккен. 2018 жылы ол ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Текелі қаласының тәртіп сақшылары тағы бір нашақорды анықтады. Ер адамның өзімен бірге марихуана алып жүргені анықталды. Күдіктінің айтуынша, есірткінің бірнеше жыл пайдаланғандықтан, өз қажеттілігі үшін сақтайды.

Талғар ауданында құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналымына қатысы бар екі дерек анықталды. Қатысы бар екі тұлға қамауға алынды және қазіргі уақытта іс өндірісте.

Барлық ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес, яғни, «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аясында тәртіп сақшылары аймаққа есірткі жеткізу арнасын да, олардың арасында ықтимал есірткі тұтынушыларын анықтау мақсатында айыпталушылардың қарым-қатынас шеңберін де тексеретін болады.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан