Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"БІР АЙДАН АСТЫ": АҚСУ АУДАНЫНДА МАЛ БАҒЫП ЖҮРГЕН ЖІГІТ ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

Уақыты: 23.10.2020
Оқылды: 1340
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

"Ақсу ауданы, Қапал ауылының тұрғыны, бауырымыз Серік Байбатыровқа іздеу саламыз". "Жетісу" газетінің редакциясына жоғалған ұлдың әкесі мен қарындасы келіп, осы хабарламаны ел-жұртқа жеткізуді өтінді.

Серік 1988 жылы дүниеге келген. Өзі туған Қапал ауылында малшы болып жұмыс істеген. Осы жылдың 17 қыркүйегінде белгісіз жаққа шығып кетіп, сол күннен бастап хабар болмаған.

Серік Байбатыровтың бойы – 165 см. қара торы, толықтау келген жігіт, шашы қара. Егер де кімде-кім Серік жайлы қандайда бір хабар білген болса, мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуын сұраймыз: 87769819218 (Жанар Байбатырова, қарындасы), 87073543480, 87770159387 немесе 102.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"