ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА СҮНДЕТ ТОЙ ЖАСАП, КӨКПАР ТАРТҚАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

Уақыты: 03.11.2020
Оқылды: 956
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында сүндет тойдың құрметіне көкпар тартқандар жазаланды. Трассаның қақ ортасында тәртіп бұзған көкпаршылар Қарасай ауданының тұрғындары.

Айта кетейік, көкпаршылардың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап, халық наразылығын тудырған болатын.

- Полицияға Алматы-Жандосов автожолында көкпар ұйымдастырылып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары анықтағандай, ұлттық ойынды Долан ауылының 38 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол бес жастағы ұлын сүндетке отырғызу құрметіне көкпар ұйымдастырған. Ер азамат полиция бөліміне жеткізілді, - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

38 жастағы тұрғын карантин талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағына сәйкес жазаланды. Оған қатысты іс тиісті органға жолданды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"