ТАНЫСЫНЫҢ КӨЛІГІН СЫНДЫРЫП, ҚҰЖАТТАРЫН ЖОЙҒАН ҚЫЛМЫСКЕР ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 08.01.2021
Оқылды: 784
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ ауданында танысының көлігінің терезесін сындырып, жеке құжаттарын жойып жіберген ер адам ұсталды. Қылмыскердің не себепті ондай қадамға барғаны тексерілуде. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Полицейлері автокөлікке кіріп, жеке құжаттарды жойған күдіктіні дер кезінде ұстады. Еңбекшіқазақ ауданының кезекші бөліміне Есік қаласының 36 жастағы тұрғыны белгісіз біреудің «Фольксваген Гольф» маркалы жеке автокөлігінің әйнегін сындырып, оның жеке құжаттары мен көлік құралының құжаттарын (сақтандыру полисі мен техникалық байқаудан өткені туралы куәлік және басқалар) жойып жібергені туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 384-бабы, 1-бөлігі «Жеке құжаттарды жымқыру және жою» бойынша тіркелді.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Есік қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол құжаттарды жойғанын толық мойындап, мұны жәбірленушіге деген жеке бас араздығынан жасағанын жеткізді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"