Шырқа, гитара!

Уақыты: 28.11.2017
Оқылды: 1743
Бөлім: ТҮПСАНА

Рухани жаңғыру бағдарламасына орай, қараша айында Н. Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінде орыс халық аспаптар бөлімінің концерті өтті. 

Тарихтан белгілі 4-5 ішекті гитара аспабы ХVI-XVII ғасырда пайда болды. Оны испан, итальян, француз халық композиторлары Фуэнльяна, Муддарро, Вальдерробано, Амат, Сане, Фоскарини, Корбетта, Ронкалии де Визе, Компион, Мерци Регонди, Аркас халыққа танымал етіп жаңа тәсілдермен шығарған. 
Одан кейін XIX ғасырда Карулли, Каркасси, Леньяни, Джульяни, Сора және Агуадо композиторлары жалғастырды. Ал қазіргі таңда гитара аспабы 6-7 ішекті боп келеді. Оның ішінде танымалы 6 ішекті испандық гитара. Бұл аспап  талантты композиторлар Анна Видович, Пакко де Люсия, Пепе Ромеро, Томми Имануил сияқты өнер иелері арқылы дамып келеді.  
Осы орайда жоғарыда айтылған аспаппен республикалық конкурстардың лауреаты Рустам Валитов өз өнерін көрсетті. Рустам И. С. Бахтың «Менуэт», Мауро Джульянидің «Ручеек», Матео Каркассидің «Вальс», «Этюд Тремоло» сынды түрлі шығармаларды ойнап, халыққа  қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, шарада скрипка аспабымен             Т.  Владимирович соло арқылы дуэт орындап, жиналған көпшілікті тәнті етті. Арнайы мерекені Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің гитара аспабының оқытушысы Ғ.  Валитов дайындаған. 
Шара соңында Рустам Валитов мектеп атынан арнайы дипломмен марапатталды. Көрермендер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, өздерінің жақсы тілектерін жеткізді. Алдағы уақытта үлкен белестерден көрінуін тіледі. 


А. КӨПТІЛЕУОВА,
Н. Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы.