АНАЛАР АЛЛЕЯСЫ САЛЫНАДЫ

Уақыты: 14.06.2018
Оқылды: 1209
Бөлім: ТҮПСАНА

Бақалы ауылындағы Мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында жерлестер форумы орын алып, онда ауылдық округтің тарихын, ауыл тұрғындарының өмірдеректерін қамтитын «Бақалы – бақ мекенім» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Форумға жиналғандар ауыл орталығынан «Аналар аллеясын» ашуға бәтуаласты. Болашақ ескерткіш орнына құрбандық шалынып, құран оқылды. Қоғамдық қорға алғашқы болып аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Абдрахманов (1млн. теңге), кәсіпкерлер Асқар Құрманғалиев (1 млн.теңге), Мұратхан Рахтаев (500 мың теңге) қомақты үлес қосты. Форумда сөз алған Бақалы ауылдық округінің әкімі Арын Күрішбаев, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Мейрамғали Қалиасқаров, Алматы қаласынан келген геология саласының қайраткері Сайын Қыдырманов, ауылдық қоғамдастық төрайымы Райхан Қияхметова, ауылдық әжелер кеңесінің төрайымы Райхан Ибраимова, кәсіпкер Амангелді Абдықадыров туған жерін қастерлейтін Бақалы тұрғындарының, ауыл түлектерінің игі шарадан тыс қалмай, ортақ мақсатқа жұмыла үлес қосатынына сенім білдірді.
Форум аясында ауыл түлегі Бауыржан Қатшыбековтың сөзіне жазылған «Бақалым менің» әнімен басталған Кербұлақ аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы жұртшылық назарына ұсынылды.

Жомарт ИГІМАН
Сарқан ауданы